Орман бастауыш мектебінде 14 -желтоқсан күні Қазақстанның Тәуелсіздігінің 25- жылдығына арналған салтанатты кеш өткізілді. Кештің мақсаты; оқушыларға, тәрбиеленушілерге Отанға деген сүйіспеншілікті артыра отырып , өз Отанын сүюге, еліне, жеріне деген мақтанышын арттырып, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың роліне ерекше мән беру. Кешке ұстаздар, жұмысшылар қатысты. Кешті шағын орталықтың тәрбиеленушілері ашты. Жүргізушілер:Еліміз егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғанымызға мінеке 25 жыл болып қалыпты, яғни Тәуелсіздігіміздің күміс тойын тойлағалы отырмыз. Бүгінгі тәуелсіздігіміздің
25 жылдығына арналған арналған "Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз" атты
мерекелік кешімізге қош келдіңіздер -деп бастады Жұсыпова Баршын Алтайқызы- шағын орталықтың тәрбиешісі. Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана еліімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық.
-25 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелінен аман-есен өтіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер